Apple корпорациясының Құпиялық саясаты

2024 жылғы 18 қыркүйекте жаңартылды

Apple корпорациясының Құпиялық саясатында Apple корпорациясының жеке деректеріңізді жинау, пайдалану және бөлісу жолдары сипатталады.

Осы Құпиялық саясатына қосымша, біз өнімдерімізге және жеке деректеріңізді пайдалануды талап ететін кейбір функцияларға енгізілген деректер мен құпиялық туралы ақпаратты ұсынамыз. Бұл өнімге қатысты ақпарат біздің «Деректер және құпиялық» белгішемізбен бірге көрсетіледі.

Privacy Icon

Сізге бұл функцияларды пайдаланар алдында осы өнімге қатысты ақпаратты қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген уақытта сол функцияларға қатысты параметрлерден және/немесе apple.com/legal/privacy/data веб-сайтынан онлайн қарауға болады. 

Төмендегі тақырыптарда берілген құпиялықты сақтау тәжірибемізбен таныссаңыз болады, ал сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.

Осы Құпиялылық саясатының көшірмесін жүктеп алу
 
Apple денсаулықты зерттеу қолданбаларының құпиялық саясаты

  • Apple корпорациясында жеке деректер нені білдіреді?

  • Apple корпорациясындағы құпиялық құқықтарыңыз

  • Apple корпорациясы сізден жинайтын жеке деректер

  • Фитнес туралы ақпарат. Өзіңіз бөлісуді таңдаған фитнес және жаттығу ақпаратыңызға қатысты мәліметтер

  • Қаржылық ақпарат. Жиналған жағдайда жалақы, кіріс және активтер туралы ақпаратты және Apple брендті қаржылық ұсыныстарға қатысты ақпаратты қамтитын мәліметтер

  • Жеке куәлік деректері. Кей юрисдикцияларда біз шектеулі жағдайларда мемлекет берген жеке куәлікті сұрауымыз мүмкін, соның ішінде сымсыз аккаунт орнату және құрылғыны белсендіру, коммерциялық несие беру, тапсырыстарды басқару мақсаттарында немесе заңнама талап еткен кезде

  • Сіз бізге беретін басқа ақпарат. Сіздің Apple корпорациясымен байланыстарыңыздың мазмұны, соның ішінде клиенттерді қолдау орталығымен өзара әрекеттестіктеріңіз және әлеуметтік желі арналары арқылы контактілер сияқты мәліметтер

Сізден біз сұраған жеке деректерді беруге міндетті емессіз. Дегенмен деректерді бермеуді таңдасаңыз, көптеген жағдайларда біз сізді өнімдерімізбен немесе қызметтерімізбен қамтамасыз ете алмауымыз немесе сізде болуы мүмкін сұрауларға жауап бере алмауымыз мүмкін.

  • Apple басқа көздерден алатын жеке деректер

  • Apple корпорациясының жеке деректерді пайдалануы

  • Apple корпорациясының жеке деректерді бөлісуі

  • Apple корпорациясындағы жеке деректерді қорғау

  • Балалар мен жеке деректер

  • Cookie файлдары және басқа технологиялар

  • Жеке деректерді елдер арасында тасымалдау

  • Қытай Халық Республикасындағы жеке тұлғаларға қатысты жеке деректерді Apple Қытай Халық Республикасынан тыс елдерде өңдей алады, мысалы, АҚШ-тағы Apple Inc. немесе Ирландия Республикасындағы Apple Distribution International Limited компаниясында. Мұндай жағдай орын алғанда, ол жергілікті заңдарға, соның ішінде «Жеке ақпаратты қорғау туралы» заңға сәйкес орындалады. Осы Құпиялық саясатында көрсетілген өңдеу мақсаттары үшін Apple мұндай жеке деректерді үшінші тарап қызмет жеткізушілеріне бере алады, олар өз кезегінде деректерді Қытай Халық Республикасынан тыс жерде сақтай алады немесе тасымалдай алады. Толығырақ ақпарат алу үшін Материктік Қытайдағы құпиялық туралы ақпаратты жария ету бөліміне өтіңіз.

  • Біздің жалпы компания бойынша құпиялықты сақтау жөніндегі міндеттемеміз

  • Құпиялық бойынша сұрақтар