Mac компьютеріндегі Apple аккаунты
Apple аккаунтыңыз барлық Apple қызметтеріне қол жеткізуіңізге мүмкіндік береді. Apple аккаунтыңызды қолданбаларды App Store дүкенінен жүктеп алу; мультимедиаға Apple Music, Apple Podcasts, Apple TV және Apple Books қызметтерінде қол жеткізу; мазмұныңызды iCloud қызметін пайдаланатын құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау; Family Sharing тобын орнату; және т.б. үшін пайдаланыңыз.
Apple аккаунтыңызды басқа қолданбалар мен веб-сайттарға қол жеткізу үшін пайдалануыңызға да болады ( Аккаунт, қауіпсіздік және төлем ақпаратын жаңартыңыз. System Settings терезесінде бүйірлік тақтадағы Apple аккаунтыңызды басыңыз, одан кейін аккаунтыңызбен байланысқан ақпаратты қарап шығу және жаңарту үшін элементті таңдаңыз. Жеке ақпарат: Атыңызды, туған күніңізді және Apple аккаунтыңызбен байланысты Мемодзиді немесе фотоны жаңартыңыз. Сондай-ақ, Apple компаниясынан байланыс теңшелімдеріңізді орнатуыңызға және деректеріңіздің басқарылу жолын көруіңізге болады. Sign-In және Security: Apple аккаунтыңыздың құпиясөзін өзгертіңіз, Mac компьютерінде Family Sharing тобын басқару бөлімін қараңыз.