Magic Mouse
Magic Mouse тінтуіріңізді компьютеріңіздің ауқымындағы кез келген жерде пайдалануыңызға болады. Тінтуірді зарядтау керек болғанда немесе оны қайтадан жұптауыңыз керек болса, оны iMac компьютеріңізге USB-C - Lightning кабелін пайдаланып қосыңыз.
Magic Mouse тінтуіріңізді iMac компьютеріңізге қосу үшін
Басу: Басу немесе екі рет басу үшін тінтуірдің жоғарғы бетін басыңыз.

Экранды ұлғайту: Экрандағы элементтерді үлкейту үшін Control пернесін басып тұрып айналдырыңыз. (Экранды масштабтау мүмкіндігін қосу үшін System Settings терезесінде Accessibility түймесін, Zoom түймесін басыңыз, одан кейін «Use scroll gesture with modifier keys to zoom» параметрін таңдаңыз.)

Екі саусақпен сипау: Беттерде, фотосуреттерде және т.б. жылжу үшін сол жаққа немесе оң жаққа сипаңыз.
Тінтуіріңізді теңшеңіз. Бақылау және айналдыру жылдамдығы сияқты параметрлерді реттеу үшін және қимылдарды қосу немесе теңшеу үшін System Settings терезесінде Mouse түймесін басыңыз.