iMac компьютеріңізде қолданбалармен жұмыс істеу
iMac компьютеріңіз орнатылып қойған қолданбалардың кең ауқымымен келеді, осылайша достарыңызбен және отбасыңызбен байланыста бола аласыз, өнімді және шығармашыл бола аласыз, бірнеше сағаттық ойын-сауықты тамашалай аласыз, интернетті шарлай аласыз және т.б. әрекеттерді орындай аласыз.
Ескертпе: Кейбір macOS қолданбалары барлық аймақта немесе тілде қолжетімді бола бермейді.

Қолданбаны жабыңыз. Қолданбаны жапқанда терезе жабылады, бірақ белсенді терезелер болмаса да қолданба ашық қалады (Dock тақтасындағы қолданба белгішесінің төменіндегі кішкентай нүкте қолданбаның ашық екенін көрсетеді). Қолданбаны жабу үшін қолданба терезесінің жоғарғы сол жақ бұрышындағы